Семейде полиция азаматтық белсенді Елдос Досановты ұстап әкетті

Оған «25 қазан митингке шақырды» деген айып тағылған


18/10/2023
17:05 13246 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Семейде полиция азаматтық белсенді Елдос Досановты ұстап әкеткен. Бұл жөнінде «Активисты не экстремисты» телеграм арнасы жазды. 

 

Арна мәліметінше, белсендіге «халықты 25 қазанда митингке қатысуға шақырды» деген айып тағылған.

 

– Полицияға біреу қоңырау шалып, 4 қазан күні «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінен соң Елдос Досанов кинотеатрға келген халықты «митиңге шығуға үндеді» деп хабарлаған. Бірақ ол кинотеатрда «саяси тұтқын» Марат Жыланбаевтың оқиғасы мен Қазақстанда әлі де болып жатқан қуғын-сүргін туралы ғана айтқан, – делінген хабарламада.

 

17 қазанда ІІМ 25 қазанда елде митинг өткізуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ҚДТ (ДВК)  қозғалысына ел аумағында тыйым салынғанын алға тартқан. 

 

Бұған дейін оппозициялық саясаткер, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әбілязов пен ҚДТ жақтастары қазақстандықтарды 25 қазанда митингке шығуға шақырған. 

 

ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған. Ал 2019 жылы Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Поделиться

Нет комментариев.

18/10/2023 17:05
13246 0

Уведомление