Семейде мұғалімдерге көше сыпыртқызғандар әкімшілік жауапқа тартылды

Арасында қала әкімінің орынбасары, білім басқармасының бастығы мен мектеп директорлары бар


21/10/2021
12:44 39329 0

Фото: tmn.aif.ru

 

Семейде мұғалімдерге көше сыпыртқызған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Мұны Білім және ғылым министрлігі хабарлады дейді Vласть. 

 

«Семейде педагогтарды көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Олар — қала әкімінің орынбасары Гариков Д.А, білім басқармасының бастығы Фесенко Н.А, № 9 орта мектептің директоры Тегай Н.В. мен № 43 мектептің директорының орынбасары Искрина А.В. Одан бөлек, Фесенко сөгіс естіді, әкімнің орынбасары да тәртіптік жауапқа тартсылсын деген хат жолдадық», — дейді министрліктегілер. Бірақ хабарда әкімшілік жауапқа тартылғандар нақты қандай жаза алғаны айтылмайды. 

 

16 қазанда әлеуметтік желіде «Семейде басшылық № 43 мектебінің мұғалімдерін сабақтан алдырып, сенбілікке жіберген» деген хабар тарады. Гариков журналистерге осыған байланысты түсініктеме бергенде бұл жағдайды мәселе көрмейтінін айтты.

 

Білім және ғылым министрлігі тексерістен кейін көше сыпыруға № 9 орта мектептің педагогтары да баруға мәжбүр болғанын анықтаған.

Поделиться

Нет комментариев.

21/10/2021 12:44
39329 0

Уведомление