Семейде екі депутат Nur Otan партиясынан шығып кеткен

«Партия басшылығынан көңіліміз қалды» дейді олар


25/01/2022
16:53 37044 0

Фото: liter.kz

 

Семейде қала мәслихатының депутаты Дулат Қажмұханбет пен Айдос Қисаменов Nur Otan партиясынан кеткен. Мұны депутаттар фейсбуктен хабарлады. Кейін Қисаменов партиядан тағы 150 адам шығып кеткенін айтты

 

Депутаттар партиядан көңіліміз қалды дейді. 

«Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде Nur Otan партиясының Семейдегі филиалы мен облыстағы филиалы партия деген беделінен айырылды, басшылық қол қусырып отырды. Біз оқиғаны бір рет те талқыламадық. 

Депутаттар институтынан көңілім қалды, партия филиалының керек сәтте қол қусырып отырғанынан көңілім қалды. Іргетасы тозып, шіріген жерде жаңа Қазақстан құру мүмкін емес!», — деп жазды Айдос Қисаменов. 

Дулат Қажмұханбет «қала және облыс басшылығына тапқыр, тәуелсіз депутаттар қажет емес» дейді.

— Өкінішке қарай, қала басшылығына да, облыс басшылығына да тапқыр, тәуелсіз, өз ойы бар мәсхлихат депутаттары керек емес. Оларға керегі — тілалғыш, облыс әкімі Даниал Ахметов не айтса соны орындайтын адамдар.

Поделиться

Нет комментариев.

25/01/2022 16:53
37044 0

Уведомление