«Саяси шешім бар»: «АрселлорМиттал» Қазақстаннан кете ме?

Қаржы министрі жауап берді


23/08/2023
12:27 15254 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«АрселлорМиттал» компаниясының Қазақстаннан кетуіне байланысты саяси шешім қабылданды. Бұл жөнінде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

 

Министрдің сөзінше, қазір компаниямен келіссөз жүріп жатыр. Бірақ ол «Митталдың активтерін сатып алу үшін үкімет Ресейдің «Северсталь» компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр ма?» деген сұраққа жауап бермеген. 

 

17 тамыз таңертең "АрселлорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының Шахтинскідегі "Қазақстан" шахтасында өрт шығып, бес адам қаза тапқан. Жер астында болған 227 адамның 222-сі сыртқа шығып үлгерген.

Шахтинскіге барған премьер-министр Әлихан Смайылов апатқа АМТ компаниясын айыптаған. Министр компанияны құрылғыларды жаңаламады, инвестиция міндеттерін орындамады, өндірістік қауіпсіздік шарттарын бұзды деген.

Үкіметтің есебінше, кейінгі 15 жыл ішінде АМТ объектілерінде жүзден аса адам қаза тапқан. Адам өлімі кейінгі жылдары көбейген.

АМТ өкілдері Қазақстан үкіметінің мәлімдемелеріне қатысты әзірге ешқандай жауап берген жоқ.

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/08/2023 12:27
15254 0

Уведомление