Ресейде Қазақстан нарығынан барған көліктер саны көбейген

Ресейліктер Қазақстан автокөліктерін сатып алуға көшті


09/01/2023
12:48 22697 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ресейдің Төмен облысында Қазақстан нарығынан барған автокөліктер саны көбейген. Бұл жөнінде РБК Тюмень басылымы жергілікті кеден қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

 

– 2022 жылы Төмен және Тобыл кеден посттарында Қазақстаннан келген 668 көліктен утилизациялық алым алынды. Өткен жылы 12 көліктен ғана алынған болатын– делінген Төмен кеден қызметі таратқан мәлімдемеде. 

 

Мәскеу Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейге салынған санкция күшейген. Салдарынан Еуропа мен Жапониядан автокөлік әкелу тоқтаған. Соңғы бір жылда Қазақстаннан Ресейге тауар тасымалдау ұлғайған. 

 

2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Ресейге экспорты 15,1 пайызға өскен. Қаңтар қыркүйек айларында тауар айналымы 18,4 миллиард доллар болған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп.  

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/01/2023 12:48
22697 0

Уведомление