Ресейде 16 жастағы оқушы мектебін әлімжеттік үшін сотқа беріп, жеңіп шықты

Енді мектеп оған 15 мың рубль төлейді


07/10/2021
11:38 39617 0

Фото: activityedu.ru

 

Новосибирскіде тоғызыншы сынып оқушысы Лада Хмелькова мектебін буллиң үшін сотқа беріп, жеңіп шықты. Мектеп оған моральдық өтемақы ретінде 15 мың (88 мың теңге) рубль төлейді.

 

Лада алтыншы сыныпта оқып жүргенде өзін сыныптасы ұрып-соғып, мұрнын сындырғанын айтады. Соны көре тұра мектеп ештеңе істемеген, өзің кінәлісің деп айыптаған. Соның кесірінен жасөспірім психологиялық көмек алуға мәжбүр болған. Айыққаннан кейін үш жыл бойы Ресей заңнамасын оқып, заңгер әкесімен бірге сотқа дайындалған. 

 

Хмелькова «сот шешіміне ризамын, бастысы жеңіс» дейді. Енді ол қол көтерген сыныптасын сотқа бермек. 

 

Қазақстанда да мектептегі әлімжеттік мәселесі өзекті. Мамандар заңнамаға «буллиң» ұғымы мен оның жазасын енгізіп, балаларды қорғау керек дейді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

07/10/2021 11:38
39617 0

Уведомление