Ресей жарнама арқылы Қазақстан халқын армияға тартып жатыр

Ресми Мәскеу ешқандай түсініктеме берген жоқ


04/08/2023
11:29 15762 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Reuters агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның интернет сегментінде «шетелдегі бауырларға» қайырылған жарнама пайда болған. Жарнаманың басындағы кадрда Қазақстан мен Ресей тулары көрінеді және «Плечом к плечу» (иық тіресу) деген ұран жазылған. Ал жарнама мәтінінде Ресей армиясына қосылғысы келетіндерге бір реттік 495 мың рубль, кейін ай сайын 190 мың рубль төлейтіні жазылған. Әскери қимылдарға қатысқаны үшін «қосымша төлемдер төлейтіні» де айтылған. Агенттіктің жазуынша, ұсынылған төлем Мәскеу мен Мәскеу түбіндегі жалдамалы әскерге төленетін ақша көлемімен деңгейлес.

 

Қолданушы жарнаманы басса, Сахалин облысындағы адам капиталын дамыту жөніндегі агенттік ашқан ресейлік мемлекеттік сайтқа барады. Келісімшартты сол Сахалинде қол қоюды ұсынады. 

Қолданушылар дәл осындай жарнама Арменияның интернет сегментінде пайда болғанын хабарлады.

Ресей билігі шетелдіктерді армияға тарту бастамасына ешқандай түсініктеме берген жоқ. Ресми Астана Мәскеудің Украинаға басып кіруін айыптаған да жоқ, қолдаған да жоқ. 

Бұған дейін Ресейдің ЧВК «Вагнер» жалдамалы жасағының қатарына Ресейде жүрген қазақстандықтар қосылып, Украинаға соғысқа аттанғаны жөнінде ақпарат тараған. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/08/2023 11:29
15762 0

Уведомление