Ресей Украинаның қарымта шабуылға шыққанын мәлімдеді

Киев бұл туралы ақпарат таратқан жоқ


05/06/2023
14:51 16018 0

Фото: Ашық дереккөзден

Ресей қорғаныс министрлігі маусымның 4-і таң ата Оңтүстік Донецк бағытының бес учаскесінде Украина қарымта шабуыл бастағанын мәлімдеді. Бірақ ресми Киев бұл туралы ақпарат таратқан жоқ. Ұрыс қимылдары күшейгені туралы бейтарап ақпарат та жоқ.

Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Украина қарулы күштері стратегиялық резервінде тұрған 23-ші және 31-механикаландырылған бригадаларын ұрысқа қосқан, оларға өзге әскери бөлімдер қолдау көрсеткен. Механикаландырылған алты батальон мен екі танк батальоны іске қосылған.

Ресей қорғаныс министрлігі «Украина әскері мақсатына жете алмады, тойтарыс берілді. Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов бұл кезеңде алғы шептегі пункттердің бірінде болды» деп мәлімдеді

Кеше Ресейдің телеграм-арналары Украина әскері Запарожье мен Донецк облыстарының шекарасына соққы жасағанын хабарлаған. Кей арналар Украина әскері екі елді мекенді алды деп жазған.

Поделиться

Нет комментариев.

05/06/2023 14:51
16018 0

Уведомление