Ресей соты «Мужское государство» арнасын экстремист деп таныды

Оның үш телеграм арнасы мен VK-дегі алты қауымдастығын бұғаттады


19/10/2021
11:34 40003 0

Фото: online47.ru

 

Нижегород облысының соты «Мужское государство-ны» («Ерлер елін») экстремист деп танып, оның үш телеграм арнасы мен VK-дегі алты қауымдастығын бұғаттады. 

 

Прокуратураның дерегіне сенсек, бұл қауымдастық әлеуметтік желіде жұртқа ұлты мен жынысына бола әлімжеттік пен қоқан-лоқы көрсетіп тиіскен. Сарапшылар «Мужское государство» мизогинияны қоздырған, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға үгіттеген дейді. 

 

«Мужское государство» адамдардан бөлек брендтерге тиіскен еді. Мысалы, тамызда «Ёбидоёби» и «Тануки» жапон мейрамханаларының қара нәсілділер түскен жарнамаларына жағымсыз пікір жазып, нәсілшілдік танытты. Ресей қоғамы бұған наразы болып, бірнеше рет әлеуметтік желілер мен ресми органдардан шара атқаруды талап еткен еді. 

 

2020 жылы TikTok пен VK оның пабликтерін бұғаттап тастады. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/10/2021 11:34
40003 0

Уведомление