Ресей әскерінің Батыс Қазақстанда не істеп жүргені белгілі болды

Батыс Қазақстан болысының әкімдігі түсініктеме берді


20/04/2022
11:13 35388 0

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Ресей әскерінің аймаққа Қазақстаннан жалға алған полигонға оқу – жаттығу өткізу үшін келгенін хабарлады. 

 

—Ресей әскері Бөкей ордасы жақтағы полигонға кетіп бара жатқан. Олар жолда Бөрілі ауылына кіріп, дүкеннен азық – түлік алған. Бірақ көп кідірмей жолға шыққан. Заңға қайшы ешнәрсе істеген жоқ, — деді облыстық әкімдік өкілі. 

 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы аумағында Ресей әскері мен техникасының жүргендігі жөнінде бейнеролик тараған. Ресей әскері Украинаға басып кірген тұста шекаралық аудандарда көрші елдің әскерінің жүру елді алаңдатқан. 

 

Ресей Қазақстанның үш аймағынан (Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан) әскери полигондарды жалға алған. Ресейдің Бөкей ордасында өткізіп жатқан әскери оқу – жаттығуына байланысты Қазақстан қорғаныс министрлігі әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

Поделиться

Нет комментариев.

20/04/2022 11:13
35388 0

Уведомление