Ресей СІМ: Қазақстанға қысым жасайтын ниетіміз жоқ
Ресей СІМ Тоқаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді
Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург экономикалық форумында сөйлеген сөзіне байланысты мәлімдеме жасады.
— Ресей Қазақстанның әлемде болып жатқан мәселерге байланысты ұстанымын, соның ішінде Украина қақтығысына байланысты позициясында сыйлайды. Оған қысым жасайтын ниеті жоқ. Бұл біз ұзақ уақыттан бері айтып келе жатқан мәселелердің жарқын көрінісі. Біздің ұстанымдарымыз сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз демокаратия мен плюрализмді ұстанатын Батыс режимдері сияқты өзгеше ойды тәрік етпейміз. Біз әріптестерімізді сыйлаймыз, — деді Захарова.
Маусымның 17-і күні Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның Луганск және Донбас облыстарына байланысты пікір білдіріп, онда өз-өздерін тәуелсіз республикамыз деп жариялаған аймақтарды ресми Ақорданың мойындамайтынын айтқан.
Нет комментариев.