Ресей порносайттар арқылы адамдарды соғысқа тартып жатыр
Pornhub сайтында «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының жарнамасы жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден
Әлемнің ең ірі Pornhub порно сайтында Ресейдегі «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының жарнамасы жарияланды. Бұл жөнінде ақпаратты бірнеше Телеграм-арналар жариялады.
Роликтегі жарнамада дөрекі лексика бары айтылады. Онда «ЧВК «Вагнер» Ресейдің барлық аймағынан сарбаздар жинап жатқаны» айтылған. Онда жарияланған телефон нөмірлері расында жеке әскери компанияға тиесілі болып шыққан.
«ЧВК Вагнер» («Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы) – Ресейдің бейресми әскери бөлімшесі. Бұл бөлім әскери құрылымдардың балансы мен заңды тұлғалардың реестрінде жоқ. Бірақ оның жауынгерлері Сирия, Африка елдері және Украинадағы соғыс әрекеттеріне қатысып жүр.
Нет комментариев.