Ресей мен Иран санкцияға қарсы тұру жөніндегі декларацияға қол қойды


06/12/2023
12:36 11843 0

Фото: Коммерсантъ

 

Мәскеуде Ресей және Иран сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Хосейн Абдоллахин кездесіп, санкцияға қарсы тұру және оның теріс әсерін жою туралы келісімге қол қойды. Лавровтың айтуынша, декларация «заңсыз» шектеулермен күресті күшейтуге мүмкіндік береді. 

 

Ресейге 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алғалы бері, Иранға 40 жылдан бері халықаралық санкция салынып келеді. 

 

2022 жылдың ақпанына дейін Иран санкция салынған тұлғалар мен компаниялардың тізімі бойынша «көшбасшы» болған. Castellum.AI дерегінше, 2022 жылдың 22 ақпанына дейін Иранға қарсы 3600-ден астам санкция салынған. 2022 жылдың ақпанында Мәскеу Украинаға басып кіргеннен кейін санкция жағынан Ресей алға шыққан. Қазіргі уақытта Ресейге 15 200 санкция салынған. 

 

7 желтоқсанда Мәскеуге Иран басшысы Ибрахим Раиси барады деп күтілуде. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс, Ресейдің Украинадағы соғысы жөнінде келіссөздер жүргізбек.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/12/2023 12:36
11843 0

Уведомление