Ресей Херсон қаласынан әскерін әкететін болды

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Херсонды тастап шығуға бұйырық берді


10/11/2022
11:55 25790 0

Ресей қорғаныс министрі Херсон қаласынан әскерді әкетуді бұйырды.

 

«Азаттық» радиосының хабарлауынша, Ресей әскерінің Украинаның Херсон облысындағы командирі Суровикин Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға әскерилерді Херсон қаласынан Днепрдің оң жағалауына алып кетуге рұқсат сұрады. Шойгу бұл ұсыныспен келісті.

 

– Ресейлік әскерилерінің өмірі мен денсаулығы біз үшін қашанда қымбат. Бейбіт тұрғындардың өміріне төнген қауіпті де назарға алуымыз керек. Әскерді шығаруға кірісіп, әскери техникаларды, қарулы күштер мен әскерилерді Днепр өзенінен өткізу үшін барлық шараны қабылдаңыздар, – деді Шойгу.

 

Суровикиннің мәлімдемесінде қазіргі жағдайда Херсон мен оған жақын елдімекендерді толыққанды қамтамасыз ету мүмкін емесін мойындады.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/11/2022 11:55
25790 0

Уведомление