Ресей Еуропаға қысым жасауда Қазақстанды пайдаланып отыр – БАҚ

Deutsche Welle басылымы Германияның экономикалық газеті «Handelsblatt» - тың жақында Каспий құбырлар консорциумының Новороссийск портындағы бөлігінің істен шығуына байланысты жасаған зерттеуін жариялады


07/04/2022
12:05 35356 0

 

Deutsche Welle басылымы Германияның экономикалық газеті «Handelsblatt» - тың жақында Каспий құбырлар консорциумының Новороссийск портындағы бөлігінің істен шығуына байланысты жасаған зерттеуін жариялады. Онда «Handelsblatt» Ресейдің Қазақстанды Еуропаға қысым жасауда пайдаланып отырғанын, нарықтағы қара алтын бағасын жоғарыда ұстап тұру үшін мұнай құбырын әдейі істен шығарды деп жазған. 

 

Наурыздың 22-і күні Каспий құбыр консорциумының Новороссийск бөлігінде Қара теңізде болған дауыл салдарынан ішінара істен шыққаны хабарладын. Құбыр жұмысын толық қалпына келтіру жұмыстары екі аптадан, екі айға дейін созылуы мүмкін деп мәлімдеді Ресей тарапы сол уақытта. Бірақ «Handelsblatt» Германияның Deutscher Wetterdienst, DWD метерологиялық қызметінен құбыр істен шыққан күні Қара теңізде ауа райы қалай болғанын білген. Метерологтар Қара теңіз аумағында желдің ең жоғары қарқыны 20 наурызда болғанын айтқан. Халықаралық Бофорт өлшемімен алғанда дауылдың қарқыны 9 балл болған. Ал апаттық жағдайға алып келетін дауылдардың қарқыны 12 баллдан жоғары болады. Оның үстіне Каспий құбырлар консорциумы 20 жылдық тарихында бір де бір рет дауыл салдарынан істен шықпаған. 

 

Каспий құбырлар консорциумының штаб пәтері Мәскеуде орналасқан. Мұнай құбыры негізінен Ресей аумағы арқылы өтеді және консорциумда ресейлік фирмалар басымдыққа ие. Бірақ құбырдан өтіп жатқан мұнайдың басым көпшілігі Қазақстанға тиесілі. Атап айтқанда, ел аумағында қара алтын өндіріп жатқан батыс елдерінің Chevron, Shell және Eni компанияларының мұнайы. Каспий құбырлар консорциумында негізгі рөл Ресейдің «Трансмұнай» компаниясында. Дәл осы компания Қазақстан мұнайын Балтық жағалауындағы Усть-Луга портына тасымалдауға жауапты. «Handelsblatt» басылымы Ресей Қазақстанды Еуропаға қысым жасауда пайдаланып отыр деп есептейді. Мақала авторының сөзінше, Ресей осы қадамы арқылы Қазақстан билігіне де кімнің қожайын екенін ескерткен. Жалпы алғанда Каспий құбырлар консорциумы Еуропа үшін өте маңызды. Жылына дәл осы құбыр арқылы кәрі құрлыққа 60 миллион тонна мұнай жөнелтілуде. Бұл Еуропа елдері тұтынатын жылдық мұнайдың 10 пайызы. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/04/2022 12:05
35356 0

Уведомление