10 соттық жерді қалай алуға болады?

Мемлекеттен тегін 10 соттық жерді қалай алуға болады? 




ҚР Жер Кодексінің 50-бабына сәйкес, кәмелет жасына толған кез келген Қазақстан азаматы тұрғын үй салу мақсатында 10 соттық тегін жер алуға құқылы. Ол үшін жер телімін алғыңыз келетін ауыл, аудан, қала әкімдігіне барып арыз жазуыңыз қажет немесе eGov.kz порталы арқылы кезекке тұрсаңыз болады. 

 

eGov.kz арқылы кезекке тұру үшін ЭЦҚ (ЭЦП) кілтіңіз болу қажет. Аталмыш кілт арқылы сіз электронды үкімет сайтындағы жеке кабинетіңізге кіре аласыз. Бұдан бөлек, сайтқа логин/пароль/смс немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы кіре аласыз. Cайтқа тіркелгеннен кейін «Тұрғын үй» айдарында орналасқан «Жер қатынастары» бөлімінің ішіндегі «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу  немесе кезекке тұру (10 сотық жер)» қызметін таңдау қажет.  

 

Жоғарыда аталған бөлімдерді таңдап болғаннан кейін 10 соттық жерді қай елді мекеннен алғыңыз келетінін белгілейсіз. Бірақ осы жерде айта кететін бір жайт, сіз Алматы қаласынан жер телімін алуға кезекке тұра алмайсыз. Себебі қала аумағында бос жер жоқ. Есесіне Алматы облысынан жер алуға кезекке тұра аласыз. Бірақ онда да кейбір жағдайларда таңдаған елді мекеніңізден жер алуға кезекке тұра алмайсыз. eGov жүйесі «таңдауыңызды мемлекеттік орган қабылдамады» немесе «кезекке алу уақытша тоқтатылған» деген жауап шығаруы мүмкін. Бұндай жағдайда таңдаған ауданыңыздың әкімшілігі тіркелуге рұқсат бергенін күтуге мәжбүр боласыз немесе басқа аймақты таңдайсыз. 

 

Өтінішіңіздің қабылданған, қабылданбағаны 10 күн ішінде белгілі болады. Бірақ eGov жүйесі «қызмет көрсету мерзімі 12 тәулік» екенін ескертеді. Кейбір жағдайда жүйе өтінішіңізді сол сәтте қабылдап, кезекке тұрғаныңызды растайтын құжатты шығарып береді. Осыдан кейін кезегіңізді  https://map.gov4c.kz/egkn/ сайтынан бақылай аласыз. Егер сіз бұған дейін мемлекеттен тегін жер алған болсаңыз, кезекке тұра алмайсыз. 


14/04/2022 14:33 4597 1

14/04/2022
14:33 4597 1

Поделиться
qazaq 12/06/2023 16:05
Ал өтінішті берген соң оны бергенін қалай білеміз?
Ответить
0 0

Уведомление