Конституциялық заң деген не? Оның жай заңнан айырмашылығы қандай?

Норматив құқықтық актілер иерархиясында конституциялық заңдар жай заңдардан жоғары тұрады.




Аты айтып тұрғандай, конституциялық заңдардың Конституцияға тікелей қатысы бар. Конституция — елдің басты заңы, заңдардың негізі. Оны өзгертпеген жақсы. Әрине, оған толықтырулар енгізілуі мүмкін, енгізіледі де. Бірақ бұл құқықты асыра пайдаланбаған жөн. Сол үшін адамдар конституциялық заң дегенді ойлап тапты. Олар негізгі заңды толықтырып, ондағы идеяларды нақтылайды. 

 

Оған қоса, жай заңдарға қарағанда конституциялық заңдарды қабылдау, өзгерту не жою қиынырақ. Олар тек Сенат пен Мәжілістің біріккен отырысында, екі рет оқылғаннан кейін, депутаттардың кемінде үштен екісі дауыс берсе ғана қабылданады.

 

Қазақстанда мынандай конституциялық заңдар бар: 

 

— мемлекеттік рәміздер туралы;

— ҚР бірінші президенті туралы;

— сайлау туралы;

— республикалық референдум туралы.

 


02/09/2020 11:33 9511 0

02/09/2020
11:33 9511 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление