Көшеден қару тауып алсаңыз, қайткеніңіз жөн?

masa.media нұсқаулығы  




  1. Тимеңіз. 
  2. «102» нөміріне хабарласып, полиция шақырыңыз. 
  3. Олар келгенше сақтық шарасы ретінде қаруды фотоға түсіріп алыңыз — бұл қару сіздікі емес екеніне, даладан тауып алғаныңызға дәләл болады. 
  4. Қаруды қараусыз қалдырмаңыз. Оны балалар тауып алып, абайсызда бірнәрсе жасап қояр. 
  5. Полиция келмесе не қаруды тездетіп тапсыруға тура келсе, жақын жердегі полиция бөлімшесіне апарыңыз. Қаруды саусақ ізіңіз қалмайтындай ұстаңыз, мысалы, шүберекпен орап алыңыз. Шүріппені басып қалмаңыз. 

Маңызды: қаруды «кейін тапсырам деп» үйге не басқа жерге алып кетпеңіз. Әйтпесе, сізге «қаруды заңсыз сақтады» (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) деген айып тағылуы мүмкін.


15/03/2021 13:54 4334 0

15/03/2021
13:54 4334 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление