Прокурор соттан белсенді Марат Жыланбаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Ол бұған дейін аштық жариялап, ауызын тігіп тастаған


17/11/2023
13:37 12318 0

 

17 қарашада Астанада белсенді, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың ісі бойынша жабық сот өтуде. Бүгінгі процесте тараптардың жарыссөзі басталған. 

 

Азаттық радиосының мәліметінше, айыптаушы прокурор соттан Марат Жыланбаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бұл жөнінде басылымға белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев мәлімдеген. 

 

Процесс жабық өтіп жатса да Астана қалалық сотына белсендінің жақтастары барған. Олар қолдарына «Жыланбаевқа бостандық!» деген плакат ұстаған. Кейіннен ғимаратқа полиция мен әкімдік өкілі келіп, белсенділердің жиыны заңсыз екенін ескертіп, тарауды сұраған. Белсенділер «сотқа келдік, митингке келмедік» деп жауап берген. Полиция оларды фото-видеоға түсірген. 

 

Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталған. Судья «белгісіз екі куәгердің өтініші» бойынша сотты жабық режимге ауыстырған. Оған белсендінің өзі және жақтастары қарсылық білдірген. Жыланбаев аштық жариялап, ауызын тігіп тастаған. 

Марат Жыланбаевқа «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыптармен келіспейді, істің саяси астары бар деп есептейді. 

Жақында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігіне үндеу жасап, Марат Жыланбаевты босатып, тағылған айыптарды алып тастауға шақырған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/11/2023 13:37
12318 0

Уведомление