Прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды тұрады

Тараптар процессуалдық келісімге келген


15/09/2023
15:15 14300 3

Фото: Orda.kz

 

Прокурор экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевты алты жылға түрме жазасына кесуді сұрады. Бұл жөнінде «Власть» басылымы хабарлады. 

 

Астана қаласында өтіп жатқан апелляциялық сотта айыптаушы прокурор Олжас Қайроллаев соттан іс бойынша күдікті деп танылған Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты 6 жылға, Тайыр Жанұзақовты 5 жылға түрме жазасына кесуді сұраған. Прокурордың сөзінше, олар кінәларын мойындаған және тергеу тарапымен процессуалдық келісімге келген. 

 

Бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Боранбаевқа шыққан сот үкімінің күшін жойды. 29 маусымда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Боранбаевпен бірге сотталған Тайыр Жанұзақ пен Роман Нахановтың да үкімін өзгертіп, қайта қарау туралы шешім шығарды. Сот қаулысына сәйкес, үкімнің күшін жоюға Ресей газының бағасы көрсетілген құжаттың түпнұсқасының болмауы себеп болған. Алаяқтық схеманы дәлелдейтін айғақтар да болмағаны жазылған.

Бір күн бұрын қаржы мониторинг агентігі (ҚМА) кәсіпкер Қайрат Боранбаев құны 120 млрд теңге болатын активін мемлекетке қайтарғанын мәлімдеген.

Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақовты биыл наурызда бірінші сатыдағы сот 8 жылға бас бостандығынан айырған. Оларға «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған

 

Поделиться
Алибек 15/09/2023 17:15
Боранбаеву смягчили срок раз уж он пошел на сотрудничество и признал все обвинения
Ответить
0 0
Показать комментарии (2)
15/09/2023 15:15
14300 3

Уведомление