«Полиция есірткі сатады» деп мәлімдеген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды


09/09/2022
13:07 28061 0

«Медиазона» басылымының мәліметінше, Байқоңыр қаласының жергілікті тұрғынының үстінен «бұзақылық және жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол бұған дейін «Ресей полиция қызметкерлері есірткі сатады» деген видеоүндеу таратқан.  

Тергеу мәліметінше, күдікті полицияның қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы қызметінен кетпесе, күш қолдану арқылы қоғамдық тәртіпті бұзамын деген. 

Қыркүйек айының басында әлемуеттік желілерде жергілікті тұрғынның "Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ішкі істер министрлігі басқармасы басшысына жолдаған үндеуі жарияланған. Ол онда полиция қызметкерлері жастар арасында есірткі таратады, бұл іске қылмыстық іздестіру бөлімшесі басшысының қатысы бар деген. Әлгі тұрғын: "Бөлім басшысын қызметінен алмаса, онда менің тобым Арбат полиция бөлімшесімен соғысады" деп ескерткен.

Бірер күн бұрын оның кешірім сұраған видеосы желілерде жарияланды.

Сол мәлімдеме жарияланған күні қалада атыс болып, бір адам қаза тапты деген ақпарат тараған. 3 қыркүйекке қараған түні көпқабатты үйлердің бірінің ауласы алдында атыс болып, 33 жастағы ер адам қаза тапқан. Ол алған жарақатынан сол жерде жан тәсілім еткен. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

4 қыркүйекте күдікті тергеу абақтысына қамалып, оның үстінен "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды.

31 тамызда да кешкісін қалада көпқабатты үйлердің бірінде атыс болып, екі адам ауруханаға жатқызылған.

Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағы тұтас "Байқоңыр" кешені деп аталады. Оны Ресей Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған. Кейін қалаға Ресейдің федералдық қаласы мәртебесі берілген.

Поделиться

Нет комментариев.

09/09/2022 13:07
28061 0

Уведомление