Полиция белсенді Абзал Достияровты ұстады

Ол өзінің ұсталуын «Әуежайды басып алу ісінің» апелляциялық сотымен байланыстырады


22/09/2023
14:21 14362 0

Фото: Власть.кз

 

Алматыда «әуежайды басып алу ісі бойынша» апелляциялық соттан кейін белсенділерді полиция ұстай бастады. 

 

22 қыркүйек түстен кейін белсенді Абзал Достияров Facebook парақшасында тікелей эфирге шығып, өзін полиция ұстағанын, адвокат Жанар Балғабаевамен бірге Әуезов аудандық полиция бөлімшесіне бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, үстінен Әкімшілік кодексінің 488-бабы «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу» бойынша іс қозғалған. 

 

– 488-бап бойынша іс қозғалғанын айтты. Басқа ешнәрсе түсіндірген жоқ. Адвокат Жанар Балғабаева екеуміз Әуезов аудандық полиция басқармасына бара жатырмыз. 19 қыркүйекте болған сотты видеоға түсіргенмін. Іс соған байланысты шығар, – деді Достияров Masa Media тілшісіне.

 

Таңертең Алматыда үйінің алдында белсенді Марат Тұрымбетовті полиция ұстап, Түркісіб аудандық полиция бөліміне алып барған. Ол бөлімшеде үстінен хаттама толтырып жатқанын айтып, өзінің ұсталуын 19 қыркүйекте өткен «Әуежайды басып алу ісінің» апелляциялық сотына қатысуымен байланыстырған.  

 

Марат Тұрымбетовтан бөлек, таңертең белсенді Майра Ғабдуллинаның да ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған. 

 

19 қыркүйекте Қаңтар оқиғасы кезінде «Әуежайды басып алу ісі бойынша» сотталғандардың апелляциялық соты даумен басталған. Процеске қатысу үшін Алматы қалалық сотына келген адамдар саны көбейген кезде сот онлайн режимде өтетіні хабарланып, сотталушылардың туыстары, адвокаттары мен белсенділер наразылық білдірген. 

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2023 14:21
14362 0

Уведомление