Павлодарда 26 тәулік бұрын шахтаға құлаған автобустың доңғалағы табылды
Фото: Азаттық радиосы
Павлодарда 26 тәулік бұрын шахтаға құлаған автобустың доңғалағы табылды. Бұл жөнінде облыс әкімі Асайын Байханов хабарлады.
– Бүгін құтқарушылар автобустың доңғалағын тапты. Бұл- әзірге табылған ірі бөлшек болып тұр, – деп жазылған Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Instagram парақшасында.
Әкімнің айтуынша, шұқыр түбінде шағын эксковатормен қатар, тас уатқыш гидравликалық балғасы бар эксковатор да жұмыс істеп жатыр.
Қаңтардың төртіне түнде ішінде жүргізушісі мен үш құтқарушысы бар автобус опырылған шахтаға құлаған. Екі құтқарушы — 24 жастағы Бердіхан Сарқыт пен 52 жастағы Олег Тышкевичтің денесі сол күні автобустан бөлек табылған. 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергенов пен 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі әлі іздестіріліп жатыр.
Облыс әкімдігі күннің суықтығы мен топырақ пен тастың сусып жылжуы іздеуді қиындатқанын хабарлаған. Тағы опырылып құлау қаупі барын да ескерткен.
Нет комментариев.