Павлодар полициясы дәретхана қағазының орнына тергеу құжаттарын пайдаланған

Павлодар полициясының дәретханасында тергеу құжаттары шашылып жатыр


13/04/2022
11:01 35561 0

Фото: Назерке Ризабекованың facebook парақшасынан

 

Адвокат Назерке Ризабекова Павлодар полиция басқармасында тергеу құжаттары дәретханада жатқанын айтты. Бұл жөнінде ол өзінің «facebook» парақшасында жазды. 

 

—Бірнеше ай бұрын тергеу жұмыстарымен Павлодар полиция басқармасында болдым. Дәретханада қызметкерлердің процесуалдық құжаттарды дәретхана қағазының орнына пайдаланатынын көрдім. Бұл жабайылық қой. Сіздерде әжетхана қағазы тапшы шығар, бірақ бұл сотқа дейінгі тергеуді жария ету ғой. Дәретхана қоғамдық орын,  деп жазды адвокат.

 

Павлодар облыстық полиция басқармасының басшысы Василий Скляр аталмыш оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/04/2022 11:01
35561 0

Уведомление