Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі Жанель Шахан полицияға тағы да шақырту алды


03/01/2024
13:33 10151 0

Фото: Азаттық радиосы

 

16 желтоқсанда Алматының Республика алаңына барып, Желтоқсан, Жаңаөзен және Қаңтар оқиғаларының құрбандарына тағзым етіп, әділ тергеуді талап еткен белсенді Жанель Шахан тағы да полицияға шақырту алды. Оны бұған дейін 25 желтоқсанда полицияға шақырған. Бірақ ол кезде белсенді денсаулығына байланысты бара алмаған. 

 

– Қаңтар оқиғасының екі жылдығы келе жатыр. Сол себепті олар белсенділерді қамамақ. Бірақ мен түсінбеймін, не себепті біз Конституцияның 32-бабын қолдана алмаймыз. Заң бойынша біз бейбіт жиын өткізуге құқылымыз, – деді полиция алдында Жанель Шахан Азаттық радиосына берген сұхбатында. 

 

Бұған дейін 16 желтоқсанда Жанельмен бірге алаңға барған белсенділер Равкат Мұхтаров пен Бота Шәріпжан «Бейбіт митинг тәртібін бұзды» деген желеумен 15 тәулікке қамалған. Сол күні алаңға барған журналист, саяси белсенді Әсем Жәпішева өзінің полицияға шақырылмағанын іссапармен елден болмауымен байланыстырған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/01/2024 13:33
10151 0

Уведомление