«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қарсы шықты

«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы мәлімдеме жасады


05/09/2022
14:38 28491 0

«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы кезектен тыс президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады. 

 

Мәлімдемеде бес талап қойылған. Олардың ішінде кезектен тыс президент сайлауын сайлау туралы заңды толықтай реформаламай өткізбеу, кандидаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету, барлық саяси тұтқындарды және қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған азаматтарды босату талаптары бар. 

 

– Біз кезектен тыс сайлауды, оның нәтижелерін мойындамаймыз және барлық отандастарымызды соған шақырамыз.

 

Біз нақты өзгерістерді қалаймыз және ол өзгерістер саяси реформалардан, қуғын-сүргіннен бас тартудан, құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншудан бас тартудан басталу керек деп санаймыз.

 

Осыған байланысты біз мыналарды талап етеміз:

 

1. Сайлау жүйесінің толық реформасы өтпейінше кезектен тыс президенттік сайлаудан бас тартуды талап етеміз.

2. Сайлау жүйесін реформалау және президенттік, парламенттік және мәслихаттар сайлауын өткізу ережелерін өзгерту қажет. Реформа халықаралық стандарттарға және елдің демократиялы қоғамда әділ сайлау өткізу жөніндегі міндеттемесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.

3. Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету қажет.

4. Саясатқа қатысуға барлық азаматтарға мүмкіндік берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша биліктің негізгі қайнар көзі — халық.

5. Барлық саяси тұтқындарды және Кантарда қатысқаны үшін қуғынға ұшырағандарды, соның ішінде заңсыз ұсталған Жанболат Мамайды босатуды талап етеміз!, – делінген мәлімдемеде. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/09/2022 14:38
28491 0

Уведомление