«Отқа айдағанын енді ұқтыңдар ма?». Алматыда ресейліктердің келуіне қарсы пикет өтті

Пикет басталған соң көп өтпей оларды әуежайдың полиция қызметкерлері кезекші бөлімге алып кеткен


23/09/2022
12:27 27958 1

Алматыда Ресей азаматтарының жаппай келуіне қарсылық білдіріп, наразылық акциясын ұйымдастырған студенттерді полиция ұстап, босатты. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

23 қыркүйекте Алматы әуежайына «Россия» әуе компаниясының Мәскеуден ұшқан ұшағы келіп қонған сәтте студенттер Қаракөз Қасым мен Айсұлтан Құдайберген пикет өткізді. Олардың плакаттарында «Отқа айдағанын енді ұқтыңдар ма?» («Че, поняли что вы мясо?»), «Сыйламасаң, кете бер» («Уважай или уезжай») деген мәндегі жазу бар.

 

Пикет басталған соң көп өтпей оларды әуежайдың полиция қызметкерлері кезекші бөлімге алып кеткен. «Менің негізгі мақсатым – украин халқын қолдау» деді Қарагөз Қасым полиция бөлімінде отырып.

 

– Ресей азаматтарының қазір Қазақстанға келуіне қарсымын. Бұл тек менің ғана ойым емес. Осы әрекет арқылы қоғамда болып жатқан резонансты көрсеттім. Ертең олардың сепаратистік қозғалыстарды қорғап, елімізге қауіп төнген кезде пышақ сұқпасына ешкім кепіл емес, – дейді ол.

 

Екі азамат полиция бөлімінде жарты сағаттай отырған соң босады.

 

– Бұл кісілермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Басқа ештеңе емес. Не мақсатпен келгенін сұрадық. Ауызша түрде ескерту жасалды, – деді полиция өкілі Ернар Тасқын журналистерге.

 

Алайда Қарагөз Қасымның айтуынша, полиция «ұзақ бұзақылық» бабымен немесе рұқсат етілмеген пикет өткіздіңдер деген айыппен жазаға тартамыз деген. Журналистер келген соң ол туралы әңгіме қайта қозғалмады дейді.

 

Ол пикет кезінде жолаушылардың реакциясы әртүрлі болғанын айтады. «Кейбірі қарсы пікір білдірді, бірақ көпшілігі қолдады. Адекват адамдар басым екен» дейді.

 

 

Поделиться
Assiya Muratova 29/09/2022 12:17
Уважаю
Ответить
0 0
23/09/2022 12:27
27958 1

Уведомление