Олжас Бектенов премьер-министр болып тағайындалды


06/02/2024
15:23 8795 0

Фото: Ақорда

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті премьер-министр ретінде тағайындау ұсынысын қолдады.  

 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп мәлімдеді Ақорда баспасөз қызметі. 

 

Парламентте дауыс беру барысында Аманат, Ақжол, Республика және Ауыл партиялары Бектеновтің кандитатурасын қолдаса, ЖСДП мен ҚХП қалыс қалды. 

 

Олжас Бектеновтің кандидатурасын бұған дейін парламент мәжілісінің спикері және «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ұсынған. 

 

1980 жылы туған Олжас Бектенов 2006-2009 жылдары және 2014-2015 жылдары президент әкімшілігінде жұмыс істеген. 

 

2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2019-2023 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.

 

5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен премьер-министр Әлихан Смайыловтың үкіметі отставкаға кеткен.

 

– Жаңа тәсілдер әзірленетін болады. Үкіметке жаңа серпін беру керек деп есептеймін. Мұны қоғам да күтіп отыр. Сол себепті мен Әлихан Смайыловтың отставкасы туралы шешім қабылдадым, – деді Тоқаев бүгін сөйлеген сөзінде.

 

Әлихан Смаилов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр болып тағайындалған. Ол үкіметті екі жылдан астам уақыт басқарды. Бұған дейін ол бірінші вице-премьер болып қызмет атқарған. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/02/2024 15:23
8795 0

Уведомление