OCCRP: Олигархтар Өтемұратов, Құлыбаев пен Әблязовтың телефондары тыңдалған болуы мүмкін

Зерттеушілер Pegasus бағдарламасы арқылы тыңдалған адамдар тізімін жаңартты


23/07/2021
15:01 41311 0

Фото: androidlime.ru

 

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Pegasus бағдарламасы арқылы тыңдалған Қазақстан азаматтары тізімін жаңартты. 

 

Оған олигархтар Болат Өтемұратов пен Тимур Құлыбаев, қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың есімі қосылды. 

 

Орталық 18 шілдеде жарық көрген зерттеуінде оннан астам мемлекет Pegasus бағдарламасы арқылы азаматтарды, әсіресе құқық қорғаушылар, белсенділер мен журналистерді аңдығанын айтады. Ол елдер қатарында Қазақстан да бар. 

 

Зерттеушілер 2 мыңнан астам Қазақстан азаматы осы бағдарламаның құрбаны болды дейді. Басында тізімде журналистер Серікжан Мәулетбай, Бигелді Ғабдуллин, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина, Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Мамин мен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есімі аталған.  

 

Зерттеуге сенсек, адамның есімі тізімде болғаны оның телефоны тыңдалды деген сөз емес.

 

— Адамның есімі тізімге кірсе де, оның телефоны тыңдалды деген сөз емес, алайда ол адам NSO group клиентіне (Қазақстан билігі осы клиент болуы әбден мүмкін) кем дегенде қызық болған, — делінген зерттеуде. 

 

Бұл бағдарламаны Әзербайжан, Венгрия, Үндістан, Сауд Аравиясы, Марокко сияқты елдер қолданған. 

 

Pegasus — Израильдегі NSO Group ІТ компаниясы жасап шығарған бағдарлама. Компания ол арқылы қылмыскерлердің телефондағы жеке мәліметін — хат, фото, қоңырауларды білдіртпей алуға болады дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

23/07/2021 15:01
41311 0

Уведомление