OCCRP: Лукашенко — 2021 жылдың басты жемқоры

Беларус президентіне мыңнан аса шенеунік бәсекелес болған


28/12/2021
16:36 37542 0

Фото: tengrinews.kz

 

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Беларус президенті Александр Лукашенкоға «Жыл жемқоры — 2021» атағын берді

 

«Жалпы, биыл жемқорлар жылы болды, бірақ Лукашенко бәрінен асып түсті», — дейді қазылар алқасын үйлестіруші, орталықтың бас редакторы Дрю Салливан. 

 

«Жыл жемқоры» атағынан Лукашенкодан басқа 1 166 адам үміткер болған. 

 

Алты журналист пен жемқорлыққа қарсы күрес маманы Лукошенко биыл: 

— мемлекет қаржысы олигархтар, отбасы мен жақындарына өтуін қамтамасыз етті;

— беларус диссиденті ұшып бара жатқан ұшақты Минске қондырып, халықаралық әуе құқығын бұзды;

— Еуроодаққа барар шекараға мыңдаған босқынды жібере отырып миграциялық дағдарысқа түрткі болды;

— коронавирус пен оны емдеу шаралары туралы жалған ақпарат таратты дейді.

Одан бөлек, ақтық мәреге Ауғанстанның бұрынғы президенті Әшреф Ғани, Сирия президенті Башар Асад, Түркияның мемлекет басшысы Режеп Эрдоған мен Аустрияның экс-канцлері Себастиан Курц өткен.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/12/2021 16:36
37542 0

Уведомление