Нәжла Боден Ромдхән — Тунис тарихындағы бірінші әйел премьер-министр
Бұған дейін араб елдерінде әйел үкімет басқарып көрмеді
Нәжла Боден Ромдхән. Фото: cnn.com
Тунис президенті Қайыс Саид ел үкіметінің басшылығына Нәжла Боден Ромдхәнді тағайындады. Осылай Тунис үкіметін алғаш рет әйел басқарады. Бұған дейін араб әлемінде әйел адам премьер-министр болып көрмеген. Мұны CNN хабарлады.
— Тунис үкіметін алғаш рет әйел басқармақ. Бұл Тунис және оның әйел азаматтары үшін үлкен абырой, — дейді президент. Оның сөзіне сенсек, жаңа премьер-министр бірінші кезекте мемлекеттік органдарда белең алған жемқорлықпен күреспек.
Ромдхән бұрын Ұлттық инженерлер мектебінде профессор болған, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігінде істеген, Дүниежүзі банкінде бағдарламаларды іске асырумен айналысқан.
11:44
49548
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.