Назарбаев Мәскеуде Ресей басшысы Путинмен кездесті
Фото: ТАСС
Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл жөнінде Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
– Ол (Назарбаев-ред) шынымен Мәскеуде болды және президентпен жеке кездесті, – деді Песков.
Бұған дейін БАҚ-та Назарбаевтың Путинмен бейресми кездесуі 19 желтоқсанда өтетіні жөнінде ақпарат тараған. Кездесуге Қазақстанның экс-президенті бастамашы болған.
Назарбаев Мәскеуге 18 желтоқсанда ұшып барған. Оның қандай мақсатпен барғаны жөнінде ақпарат жоқ.
Соңғы рет Назарбаев пен Путин 2022 жылы маусымда жеке кездескен. Ол жөнінде экс-президенттің баспасөз қызметі хабарлаған. Оның алдында олар 2021 жылы желтоқсанда – Қаңтар оқиғасының алдында Санкт-Петербургте кездескен.
Назарбаев жуырда жарық көрген "Менің өмірім. Бодандықтан Бостандыққа" атты мемуарында Ресей президенті Владимир Путиннің кітаптарына бірнеше рет сілтеме жасап, оның өзін "сөзге берік, достыққа адал адам" деп мақтаған. Мемуарында Назарбаев 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіргеніне Батысты айыптай сөйлеген.
Нет комментариев.