Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы жойылады

Аймақ халқына Әзірбайжанмен реинтеграция шарттары ұсынылған


28/09/2023
13:52 13884 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Sputnik Армения басылымының мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы жойылады. Тиісті құжатқа аймақ басшысы Самвел Шахраманян қол қойған. Құжат бойынша, Таулы Қарабақтағы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар таратылады. 

 

Таулы Қарабақ тұрғындарна Әзірбайжан тарабынан реинтеграция шарттарымен танысу ұсынылған. Ол бойынша аймақта қалу немесе қалмауды халықтың өзі шешеді. 

 

Армения үкіметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін Таулы Қарабақтан 65 036 адам Арменияға қоныс аударған. Олардың басым көпшілігі Арменияның Әзірбайжанмен шекаралас Сюник облысына тұрақтаған. Онда босқындарды қабылдайтын арнайы орын ашылған. 

 

19 қыркүйекте Әзербайжан астыртын шабуыл жасап жатыр деп армян күштерін айыптап, Таулы Қарабақ аумағында әскери операция бастаған.

20 қыркүйекте өзін республика жариялаған аймақтың билігі Бакудың шарттарымен келіскен. Әзербайжан билігі Қарабақтағы армян халқын «қайта біріктіру» бойынша келіссөз жүргізуге әзір екенін мәлімдеген.

Өзін республика жариялаған аймақ билігінің мәліметіне қарағанда, Таулы Қарабақта 120 мың армян тұрған. Олар Баку юрисдикциясы аясында өмір сүргісі келмегендіктен аймақтан көшетіні айтылған.

 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұған дейін Армения Таулы Қарабақтың 40 мың тұрғынын қабылдауға дайын деп мәлімдеген. Пашинян Әзербайжан билігін «халықты ұлтына қарай бөліп, қудалады» деп айыптаған.  

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2023 13:52
13884 0

Уведомление