Министр Жұманғарин: Ресейліктерге кет десек, қазақылығымыз қайда қалады?


29/09/2022
12:38 27380 0

Фото: Ашық дерек көзден

 

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейден қашып Қазақстанға келіп жатқан адамдарға қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, келіп жатқан ресейліктерді қабылдамау қазақылыққа сын болады. 

 

– Осыдан 80 жыл бұрын аталарымыз соғыста бір сапта тұрды. Отанымызды қорғадық. Бір-бірімізге дос халықпыз. Қазір олардан бас тартып, кетіңіздер десек, біздің қазақылығымыз қайда қалады? Намыс пен арымыз бар. Бұл – моральдық мәселе, – деді министр Сенаттың кулуарында.

 

Жұманғарин Ресейден қашып келіп жатқан азаматтар шекарада орналасқан қалаларға ғана емес, өзге де өңірлерге бара алатынын айтты. Оның сөзінше, келімсектерге осыны түсіндіріп айту қажет. 

 

– Олар келіп, транзитпен кетіп жатыр. Бірақ әрине шекарадағы аудандарға салмақ түсуде. Сондықтан оларға түсіндіріп айту керек. Бізде тек Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл емес, басқа қалалар да бар. Олар баратын жерлер көп,  деді Жұманғарин.

 

Бұған дейін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстанға заңға бағынатын, тәртіпті ресейліктер келіп жатқанын айтқан. 

 

Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте ішінара мобилизация жариялаған. Сол уақыттан бері Қазақстанға 98 мың ресейлік келген. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

29/09/2022 12:38
27380 0

Уведомление