Мемлекет банктерге депозиттерге өтемақы төлеуге 306,6 млрд теңге бөлді

Қаржы депозиттерге 20 наурызға дейін берілуі тиіс


17/03/2023
10:56 19962 0

Фото: Ашық дереккөзден

Банктер мемлекеттен теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеуге 306,6 миллиард теңге қаржы алды. Бұл жөнінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады. 

– Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады, – делінген хабарламада. 

 

Заң бойынша, келіп түскен қаржыны банктер 20 наурызға дейін өтініш берген депозиттердің шотына аударуы тиіс. 

 

Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық өтемақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді.

 

10% өтемақы теңгелік депозиттерді инфляциядан қорғау мақсатында беріледі. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/03/2023 10:56
19962 0

Уведомление