Марафоншы Жыланбаевтың үйіне тінту жүргізілді
Ол тергеу изоляторынан полицияға жеткізілген
Фото: Азаттық радиосы
Марафоншы Марат Жыланбаевтың үйіне тінту жүргізілді. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады.
23 мамырда Жыланбаевтың үйіне азаматтық киімдегі белгісіз адамдар мен полиция келіп, тінту жүргізген. Ол тергеу изоляторынан полицияға жеткізілген.
– Мен келгенде олар үйге кіріп үлгерген. Маған суретке түсіруге тыйым салды, – дейді марафоншының қызы Әзия Жыланбаева.
Саяси белсенді Марат Жыланбаев 3 мамырда «Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Нет комментариев.