Ұлттық Банк пен KASE валюта саудасын тоқтатуы мүмкін

Ұлттық Банк пен Қазақстан қор биржасы теңге-доллар сауда-саттық регламентін өзгертті


28/02/2022
11:23 36372 0

Ұлттық Банк мәліметінше, 28 ақпанда сауда-саттық елорда уақытымен сағат 15:00  де франкфурт аукционы форматында болады. 

 

 Бұл шаралар уақытша сипатқа ие. Бұл геосаяси факторлардың волюта нарығы мен ішкі қаржылық тұрақтылыққа қысымын азайтуды көрсетеді. Ұлттық Банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп, сыртқы қаржы нарықтардағы белгісіз жағдайларды ескере отырып 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейін биржадағы валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін,  делінген Ұлттық Банк таратқан мәлімдемеде. 

 

Бұдан бөлек, алдағы уақытта теңге-доллар сауда-саттығына байланысты ақпараттар ресми арналар арқылы айтылатын болады делінген мәлімдемеде.

 

Франкфурт аукционы қалай жүзеге асады?

 

1. Бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға келіп түскен өтінімдер жинақталып, бағаланып, сұрыпталады. Сатып алуға өтінімдер бағаның төмендеуі бойынша, ал сатуға өтінімдер құнның өсуі бойынша жүзеге асады Тараптардың мүдделері мен сатып алушы мен сатушы арасындағы бағаның алшақтығы ескеріледі. Ол "спрэд"деп аталады.

 

2.Бұл аукционның ерекшелігі - бір құнды қағаздың бірыңғай бағасы анықталады. Бұл барлық қатысушылар үшін міндетті процедура. Сондай-ақ іске асырылатын өтінімдердің ең көп саны беріледі.

 

3.Жиналған өтінімдер сауда-саттыққа бір уақытта, бір толқынмен жіберіледі. Келісімдер биржаның сауда залында басталады. Сауда процесін уәкілетті брокер бақылайды.

 

Украинадағы соғыстан соң Ресейге салынған санкцияларынан кейін Қазақстан теңгесі рубльмен қатар құнсызданған. Қазір айырбастау пунктерінде 1 доллар 460 теңгеден саудалануда. 

Поделиться

Нет комментариев.

28/02/2022 11:23
36372 0

Уведомление