Ұлттық Банк «Назарбаевтың алақаны жоқ» жаңа банкноталарды таныстырды

Экс-елбасының алақаны алтын жалатылған табақ пен кітапта әлі тұр


15/11/2023
15:25 12207 0

 

15 қарашада Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ Конгерсінде теңгенің жаңа банкноталарын таныстырды. Жаңа ванкноталарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алақаны алынып тасталған. Оның орнына «Сақ стилі» мен көшпенділер мәдениеті бейнеленген. 

 

– Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабылетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады, – делінген Ұлттық Банк сайтында жарияланған мәлімдемеде. 

 

Ұлттық Банк мәліметінше, жаңа банкноталар дайын болған кезде айналымға енгізіледі. Номиналы 5 мың теңгелік банкноталар биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа шығарылады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың алақаны бейнеленген қазіргі қолданыстағы банкноталар 2006 жылы шығарылған. Сол уақытта ол қоғамда үлкен сынға ұшыраған. Азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз саяси сарапшылар оны «жеке басқа табыну», «қолдан культ жасау» деп бағалаған. 

 

Теңгеден бөлек, Назарбаевтың алақанының ізі бар кітап бейнесіндегі ескерткіш Алматы қаласындағы Тәуелсіздік алаңында және Астанадағы Бәйтерек монумент кешенінде орнатылған. Бұған қоса, елордадағы Назарбаев мұражайына оның алақаны салынған алтын жалатылған табақша қойылған. 

 

15 қараша – ұлттық вальюта – теңге күні. Теңге дәл осы күні 1993 жылы алғаш рет айналымға енгізілген. Ол кезде 1 доллардың құны – 4, 69 теңге болған. Алғашқы купюралар 13 банкноттан тұрды. 

 

30 жылда теңге бірнеше мәрте девальвацияға ұшырады, еркін айналымға жіберіліп, құнсызданды. Қазір 1 доллар – 457, 34 теңге. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/11/2023 15:25
12207 0

Уведомление