Әлия Назарбаевадан сотта жауап алынуы мүмкін

Іс бойынша оның мүлкі тәркіленген


06/04/2023
17:07 19243 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Әлия Назарбаевадан «РОП операторы» және жымқырылған 13 млрд теңгеге  қатысты жауап алынуы мүмкін.

 

Іске қатысты алдын ала тыңдалым кезінде адвокат Коротенко соттан экс-президенттің кенже қызынан жауап алуды сұрады. Айтуынша, компанияның құрылтайшысы ретінде қаржылық операциялар туралы шешімдерді Назарбаева қабылдаған.

 

– Назарбаеваның осы іс бойынша тоқтатылған зауыты бар. Ол заңсыз ақшаға салынғандықтан тәркіленуі мүмкін. Ол істе жоқ. Статусы қандай екені де анықталмаған. Біз бұған дейін одан бірнеше рет жауап алуды сұрадық. Тәркіленіп отырған соның мүліктері, – деді заңгер.

 

Құжат бойынша, «РОП операторының» негізін қалаушы – Шынар Мұқтарова. Ол – Назарбаеваның бұрынғы хатшысы. Қазір Мұқтароваға іздеу жариялаған. Оның қайда екені туралы ақпарат берген адамға 12 миллион теңге сыйақы тағайындалған. 

Поделиться

Нет комментариев.

06/04/2023 17:07
19243 0

Уведомление