«Ламбада» және саяси белсенділердің ұсталуы

«Ламбада» билеген студенттердің фонында белсенділер ұсталды


25/04/2022
11:35 35273 0

Сәуірдің 24-і күні Алматыда «саяси тұтқындарды» қолдау митингі өтті. Шоқан Уәлиханов алаңына жиналған белсенділер саяси тұтқындар мен қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды босатуды талап еткен. Жиырмаға жуық белсенді шеру жасап алаң жиегімен жүрмек болғанда полиция оларды кеттлингке алып, кейіннен ұстады. 

 

 

Белсенділерді ұстап жатқан уақытта алаңда шағын жәрменке ұйымдастырылып, студенттер жаңбыр астында «ламбада» билеген. «Власть» басылымының журналистеріне студенттер шараға 23 сәуірде шақырту алғандарын айтқан. 

 

 

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, митинг кезінде 12 адам ұсталған. Саяси белсенділер Айгерім Тілеужан, Равкат Мұхтаров, Бекен Бейсалиев 15 тәулікке қамалған. Оларға бейбіт жиындарды өткізу тәртібін бұзу айыбы тағылған.

 

Бұған дейін Айгерім Тілеужан митинг өткізуге әкімдікке ескерту бергенін, бірақ оған ешқандай жауап келмегенін мәлімдеді. 

Поделиться

Нет комментариев.

25/04/2022 11:35
35273 0

Уведомление