Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екені айтылды
ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екені айтылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді.
—Мәсімов пен оның үш орынбасары ұсталды. Олардың іс-әрекетіне сот баға береді. Қылмыстық Кодекс бойынша 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу жүріп жатыр, — деді Асылов парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде.
ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетіп, кейіннен ұсталған. Оған «билікті күшпен басып алмақ болды» және «қызметін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.

Нет комментариев.