Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі Назарбаевтың туған күніне дейін ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды


07/06/2022
10:38 31737 0

Фото: tengrinews

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәлімет бойынша, ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, «А» арнайы жасағының бұрынғы басшысы Ануар Садықүловты қамауда ұстау мерзімі шілденің 6-ына дейін ұзартылған. 

 

ҰҚК төрағасының тағы бір бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылған. 

 

Бұған дейін Бас прокуратура Кәрім Мәсімовқа рейдерлік жасады деген айып тағылғанын жоққа шығарған. ҰҚК экс-төрағасының ісі «аса құпия» статусы бойынша тергелуде. 

 

Естеріңізге салайық, биыл 6 шілдеде ҚР экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 82 жасқа толады. Оның туған күні Астана күнімен тұспа-тұс келеді. Елорда күні жалпы халықтық мерекелер тізімінде. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/06/2022 10:38
31737 0

Уведомление