Кәрім Мәсімов пен орынбасарларының ісі сотқа жіберілді
ҰҚК-ның бұрынғы басшысының ісі құпия түрде қаралады

Кәрім Мәсімов пен бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жіберілді.
Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
К Қ Мәсімов (ҰҚК бұрынғы төрағасы) пен А Т Садықұловқа (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, ауыр зардаптарға алып келіп соққан билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған.
Д Е Ерғожинге (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) билікті күшпен басып алу, ауыр зардаптарға алып келіп соққан билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, М С Осипов (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары), Д М Акипов (ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары), Н К Бекұратқа (ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы) ҚР ҚК 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.
Қылмыстық іс «өте құпия» белгісімен тергелген. Сотта осы тәртіппен өтеді.

Нет комментариев.