Коронавирусқа байланысты Алматыда митиңдерге уақытша тыйым салынуы мүмкін

Бұрын карантин кезінде Алматы әкімдігі кей бейбіт жиналысты өткізуге рұқсат беріп жүрген


20/10/2020
12:30 47336 0

Фото: informburo.kz

 

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына байланысты қалада уақытша бейбіт жиналыстар өткізуге рұқсат берілмеуі мүмкін екенін айтты. Мұны informburo.kz хабарлады

 

— Эпидемия кезінде бір жерде оннан артық адам жиналмауы керек. Біз митиңдерді болдырмау мәселесін қарастырып жатырмыз. Иә, қыркүйекте оларды өткізуге рұқсат бергенбіз. Ол кезде ауру саны аз еді. Сонымен қатар ол митиңдерде қауіпсіздік шаралары сақталды, қатысушылар арақашықты ұстанып, маска киіп жүрген. Бірақ қазір жағдай өзгеріп жатыр, соған байланысты біз мұндай шараларға тыйым салуды қарастырып жатырмыз, — деген Бекшин. 

 

Еске сала кетейік, 31 қазанда Алматыда қатысушылары саяси реформаларды талап ететін митиң өтпекші. Оны әкімдік мақұлдаған. 

Карантин кезінде Алматыда бірнеше пикет, митиң өткен еді. Олардың барлығын өткізуге әкімдік рұқсат берген. 


Біз бұрын митиңдердің Қазақстанға берер жеті пайдасын жазған едік.

Поделиться

Нет комментариев.

20/10/2020 12:30
47336 0

Уведомление