Үкіметте тағы да ауыс-түйіс болды
Бес министр қызметінен кетті

2023 жылдың алғашқы жұмыс күні үкіметтегі ауыс-түйістен басталды. Атап айтқанда, оқу-ағарту министрі – Ғани Бейсембаев, экология және табиғи ресурстар министрі –Зульфия Сүлейменова, мәдениет және спорт министрі – Асхат Оралов, әділет министрі – Азамат Есқараев, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі болып Марат Қарабаев тағайындалды.
Қызметінен босатылған экс-министрлер Асхат Аймағамбетов, Дәурен Абаев, Қайырбек Өскенбаев, Серікқали Бірекешов және Қанат Мусиндердің әзірге қандай қызметке тағайындалатыны белгісіз.

Нет комментариев.