Үкіметте енді кім отырады: Ақорда жаңа құрамды жариялады

Бұрынғы үкімет халық наразылығынан кейін 5 қаңтарда таратылған еді


11/01/2022
17:38 37505 0

Фото: avesta-news.kz

 

Үкіметтің жаңа құрамы тағайындалды. Бұл туралы президент бұйрығы Ақорда сайтында жарияланды.

 

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

 

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

 

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

 

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

 

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;

 

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

 

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

 

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

 

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

 

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

 

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

 

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

 

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

 

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

 

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

 

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

 

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

 

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

 

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

 

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

 

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

 

Бұрынғы үкімет 5 қаңтарда халық наразылығынан кейін тарқатылған еді. 11 қаңтарда түстен кейін президент премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс оны бірауыздан қолдады.

Поделиться

Нет комментариев.

11/01/2022 17:38
37505 0

Уведомление