Херсон облысында сегіз елді мекен азат етілді – Зеленский

Украина қарулы күштері Херсон облысында сегіз елді мекенді басқыншылардан азат етті


05/10/2022
12:00 27117 0

Херсон облысында сегіз елді мекен басқыншылардан азат етілді. Бұл жөнінде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. 

– Любимовка, Крещеновка, Золотая Балка, Беляевка, Украинка, Большая және Малая АлександровкиДавыдов Брод елді мекендері азат етілді. Бұл азат етілген аймақтардың бір бөлігі ғана. Біздің батырларымыз тоқтамайды, – деді Зеленский. 

Зеленскийдің сөзінше, соңғы бір аптада Украина қарулы күштері Харьков, Луганск, Донбас облыстарында ондаған қала мен ауылды азат еткен. 

Мәскеу Донбас, Луганск, Харьков, Запарож облыстарында референдум өткізіп, Ресей Федерациясының құрамына қосқан. Кремль референдум халықаралық талаптарға сай өтті десе, Киев оны «саяси сайқымазақ» деп бағалаған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/10/2022 12:00
27117 0

Уведомление