«Халық жазушысы» мен «халық әртісі»: Тоқаев бір топ адамды мемлекеттік наградалармен марапаттады


24/10/2023
15:30 13084 0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ ғалым, ұстаз, жазушы, спортшы және әртістерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады. 

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік сыйлық Қазақстан ұлттық ядролық орталығының ұжымына табысталған. Ғалымдарға сыйлық «елдің атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулері үшін» берілген.

Былтыр мемлекеттік сыйлықты коронавирусқа қарсы QazVac екпесін жасап шыққан биологиялық қауіпсіздік ғылыми зерттеу институтының ғалымдары алған.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубаев, Софы Сматаев, Бексұлтан Нұржекеев, Ахметжан Аширов және Любовь Шашковаға берілді.

Ал әншілер – Димаш Құдайбергенов пен Рамазан Стамғазиев, күйші Айгүл Үлкенбаева; актерлер – Дулыға Ақмолда, Дінмұхамед Ахимов, Михаил Токарев; опера әншілері – Шахмардан Әбілов, Талғат Күзенбаев «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды.

Бұл екі атақ бұрын алынып тасталғанТоқаевтың ұсынысымен атақ жазушылар мен әртістерге биылдан бастап қайта беріле бастады

«Ерлігі үшін» медалімен Мұрат Есенқабылов пен Талғатбек Төлеубаев наградталды. Есенқабылов өртеніп жатқан көліктен үш әйел мен бес баланы аман алып қалса, Төлеубаев өрт сөндіру кезінде ерлік көрсеткен.

Ал футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы ғылым және мәдениет салаларының 31 көрнекті өкіліне және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы Ақмола облысы №4 «Болашақ» мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Үмітжан Еңсебаеваға берілді.

Кейбір сарапшылар елде мемлекеттік сыйлықтардың басым бөлігі билікшіл я билікке жақын адамдарға берілетінін жиі айтыды. Ал кейбір әдеби сыншылар мемлекеттік атақ алған өнер адамдары мен жазушылар «билікке жалтақтап, рамкадан шыға алмай жүреді» деп санайды.  

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/10/2023 15:30
13084 0

Уведомление