«Кеше – сайлау, бүгін – Екібастұз. Таңдауымыз осы ма?». «Oyan, Qazaqstan» белсенділері акцияғы шықты

4 желтоқсандағы ақпарат бойынша, 11 тұрғын үй әлі жылусыз отыр


05/12/2022
10:02 24314 0

желтоқсанда Алматының Арбат алаңында «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсенділері жылусыз қалған Екібастұз халқын қолдап, акцияға шықты. 

 

Белсенді Мария Кочнева мен Влада Ермольчеваның қолдарында «Екібастұз – жемқорлық нәтижесі», «Кеше – сайлау, бүгін – Екібастұз. Таңдауымыз осы ма?» деген жазуы плакат болды. Белсенділер суықта Екібастұз халқының тұрғындарын еске салатындай жеңіл киініп келген. 

 

– Екібастұз басшыларының отставкасын талап етемін. Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен жылу желілері проблемасының шешілгенін қалаймыз. Жұрт 30 градус аязда қатып жатыр. Сол үшін алаңға шықтым– деді Влада Ермольчева акция кезінде.

 

– Бұл апат. 21 ғасырда адамдар бұлай өмір сүрмеуі тиіс– деді Мария Кочнева.

 

Акция өтіп жатқан жерге полиция келіп, шараның заңсыз екенін айтып, белсенділерді алып кетпек болды. Бірақ олар бөлімшеге барудан бас тартты. Акция шамамен жарты сағатқа созылды. Шара біткен соң полиция белсенділерді Алмалы аудандық полиция бөліміне алып кетті. Түсініктеме алғаннан кейін босатты. 

 

Екібастұзда жылу электр орталығының қазандығы істен шығып, қала тұрғындары бірнеше күн жылусыз қалған. Осыдан кейін билік аймақта төтенше жағдай жариялаған. 4 желтоқсандағы ақпарат бойынша, 1тұрғын үй әлі жылусыз отыр. 

 

Екібастұзда 689 көп қабатты тұрғын үй бар. Жөндеу жұмыстарына 500 адам жұмылдырылған. 

 

1 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовты қызметінен босатқан. Қазір облыс әкімінің міндетін уақытша Олег Крук атқарып жатыр. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/12/2022 10:02
24314 0

Уведомление