Күдікті деп танылған Күдебаев қызметінен кетті

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының полиция департаментін басқарған Күдебаев қызметінен кетті


25/04/2022
12:05 34918 0

Алматы қаласы мен облысының полиция департаментін басқарған Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының ПД басшысы болған. 

 

Сәуірдің 11-і күні бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараттарын тастап кетуге байланысты аталмыш органдардың басшылары күдікті деп танылғанын мәлімдеген. 

 

Серік Күдебаев қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысы полиция департаменті басшысы қызметінен кеткен. Оның орнына Арыстанғани Заппаров тағайындалған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/04/2022 12:05
34918 0

Уведомление